RU

АҚШ басылымы Назарбаевтың немересін үлгі аларлық тұлғаға теңеді

Америкалық patch.com интернет ресурсы Назарбаевтың немересі Нұрәлі Алиевке арнап материал жазып, оны үлгі алуға болатын тұлға деп атаған деп хабарлайды vteme.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Джон Уилсон жазған мақала "Нұрәлі Әлиев – Қазақстан экономикасының трансформациясы, бірден кәсіпорын жасаушы" деп аталады.

Автор Нұрәлі Әлиевтің Қазақстандағы ең танымал есімдердің бірі екенін, әсіресе ел экономикасындағы кәсіпкерлік саласына қосқан үлесін ерекше атап өтеді.

"Тегі қазақ Әлиев бірнеше қазақстандық ИТ-стартаптардың жетістікке жетуінде үлкен рөл атқарып, эл экономикасының дамуына бірнеше мекемелерді басқара отырып, зор үлес қосты",-дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Кремль төңірегіндегі жанжал өршіген соң Ресей өзінің АҚШ-тағы елшісін қайтарып алды

Журналист Нұрәлі Әлиевтің қарапайым мектеп пен Университет бітіргенін және жетістіктеріне өзге де табысты адамдар тәрізді өз күшімен жеткенін жазады.

"Бұл адамның тарихы өте қарапайым басталған. Ол жетістікке өз күшімен жеткен барлық жандар тәрізді қарапайым мектеп пен Университет бітірген. Кәсіби жолын Франциядағы Халықаралық сауда Бөлімінде тәжірбиеден өтуден бастаған",-дейді.

"Қазақстанның қиын жағдайы экономикалық құлдырауға әкелді. Сол себепті мен Қазақстан экономикасының өсуі үшін жаңа жолды зерттеуді бастадым",-деген Әлиевтің пікірінде қосып өтеді.

Осылайша автор, жас маманның Қант орталығын басқарып, бірден  республиканың қант өндірісінің 90% жаулап алғанына таңғалады. Әлиев Холдингінің ел экономикасының түрлі саласын инвестициялап жатқанын тілге тиек етеді.

Тағы оқыңыздар: Астанада Назарбаевтың қолтаңбасын көруге келген тұрғындар сағаттап кезекке тұрды (фото)

"Қонақ үй бизнесі, алтын мен күміс, телекоммуникация және БАҚ өкілдерінен бөлек, "Нұрбанк" АҚ, "ТрансТелеКом" және Қазақстан даму Банкімен байланысты. Астана әкімінің орынбасары болған кезде Нұрәлі Алиев өз елінің азаматтары үшін салауатты экономикалық орта жасауды мақсат етті. Осындай экономикалық саясат Нұрәлі Алиевті халықаралық деңгейде мойындатты. Оның Қазақстан үшін жасап жатқан еңбегі әрбір жан үлгі алатындай",-деп аяқтайды мақаласын Джон Уилсон.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536105-aqsh-basylymy-nazarbaevtynh-nemeresin.html