RU

12 жыл бойы депутат атанған Айтаханов жастарға жол беретінін айтты

Шымкентке іссапармен барған экс-сенатор Қуаныш Айтаханов қолдау білдіргендері үшін оңтүстік тұрғындарына алғыс білдірді деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Шенеуніктермен кездесу өткізген бұрынғы депутат өзі қызмет еткен жылдары атқарған істерімен бөлісті.

Қуаныш Айтахановтың мемлекеттік қызметтегі карьерасы 52 жылға созылған. Депутат мандатына қол жеткізген күннен бастап ол қалалық және аудандық белсенділермен 350, еңбек коллективтерімен 705 кездесу ұйымдастырыпты.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттіктер қонаққа келген "Қайрат" жанкүйерлерін ұрып тастаған (видео)

Бұл туралы Айтаханов мырза өзі жазған кітабында толығырақ айтып өткен. Соңғы 12 жылда Парламент сенатының депутатты атағын көтеріп жүрген экс-сенатор өз жолын жастарға беруді ұйғарыпты.

«Бар нәрсенің шегі бар. Қазір 63 жастан асқан депутаттардың орнын жастар басып жатыр. бірақ біз өз жұмысымызды атқардық және мемлекет пен халыққа осы үшін рахмет айтамыз. Енді тек жаңа депутаттарға сәттілік пен жетістік тілеу ғана қалды»,-дейді Айтаханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536220-12-zhyl-boyy-deputat-atanghan-aytakhanov-zha.html