RU

Петропавл тұрғындарын аспаннан көрінген періште бейнесі шошытқан (фото)

Петропавловск тұрғындары күні кеше таңғажайып бұлттарды байқаған. Оларды қатты соққан құйын шошытып, аспандағы періште бейнесі таңғалдырды деп хабарлайды әлеуметтік желіге сілтеме жасап  NUR.KZ.

Бұл суреттер Вконакте желісіндегі "Типичный Петропавловск" парақшасында пайда болды.

Көптеген қолданушыларды қаһарлы аспан шошытқан.

"Егер, құйын соғып жатса, қашуға тырыспаңыз. Жақсысы жертөлеге барыңыз. Құйынның жылдамдығы  100 км/с", - деген желі қолданушысының бірі.

Тағы оқыңыздар: Кремль төңірегіндегі жанжал өршіген соң Ресей өзінің АҚШ-тағы елшісін қайтарып алды

Ал басқа жергілікті тұрғын қала үстінен періштені байқаған. Аппақ ұлпа бұлттардан қанаты бар адамға ұқсайтын мүсін құралыпты.

Сонымен, бұл мүсінге әркім өз қалауынша сипаттама берді. Кейбіреулер оның жануардың бас сүйегіне ұқсайтынын жазған.

Бәрі де суретке қараған адамның қиялына байланысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536237-petropavl-turghyndaryn-aspannan-kori.html