RU

Қызғаншақ жігіті бетін күкіртпен күйдірген италиялық модель жұмысына қайта оралды (фото)

28 жастағы модель, Италия Аруы-2007 конкурсының жеңімпазы Джессика Нотаро, бес айға созылған отадан кейін дельфинаридегі жұмысына қайта оралды деп жазады 24tv.ua.

Бойжеткен моделдік жұмысынан бөлек бұрындары Риминидегі теңіз арыстандары және дельфиндерді үйретуші болып жұмыс істеген. Бірақ, қызғаншақ жігіті бетіне күкірт шашқаннан кейін оның өмірі толықтай өзгерді.

Тағы оқыңыздар: Кремль төңірегіндегі жанжал өршіген соң Ресей өзінің АҚШ-тағы елшісін қайтарып алды

Қыздың бір көзі әлі күнге дейін дәкемен таңулы, бетінде химиялық күйіктен қалған бірнеше тыртық іздері бар.

Ол жұмысына әйелдерге агрессия мен зорлауға қарсы тұруға күш беру үшін оралғанын айтады. Джессика Нотароға әлі бірнеше ота жасалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536271-qyzghanshaq-zhigiti-betin-kukirtpen-kuy.html