RU

Жалғыз анасын сағынып, әскерден қашқан сарбаз он күнге қамалуы мүмкін

Жұма күні әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз бір жарым тәуліктен астам уақыт өткен соң Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылынан табылды деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.

Ұсталған азамат қызметтік орнын өз бетімен тастап кеткені үшін он күн қамауға алу жазасына кесілуі мүмкін. Бұл туралы әділет полковнигі, Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Рустам Қожаев айтты.

Ақтау ІІБ қызметкерлері қашып кеткен сарбазды жексенбі 25 маусым күні сағат 10:25-де ұстады. Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Рустам Қожаевтың сөзіне сүйенсек, ұсталған сарбаз бөлімшеге жеткізіліпті, "аман-есен" екен.

Тағы оқыңыздар: Кремль төңірегіндегі жанжал өршіген соң Ресей өзінің АҚШ-тағы елшісін қайтарып алды

"Сарбаз үйін сағынып қашып кеткенін айтты, мұндай жайт әдетте жас сарбаздардың арасында болады. Оралдағы анасына кеткісі келіпті. Ата-анасы ажырасып кеткен. Анасы жалғыз тұрады, өзінен үлкен ағасы бар", — деп атап өтті Рустам Қожаев.

Естеріңізге сала ктесек, 19 жастағы қатардағы сарбаздың жоқтығын кезекші 23 маусымда ұйықтар алдындағы тексеру барысында анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536279-zhalghyz-anasyn-saghynyp-askerden-qashqa.html