RU

"Даму" Қоры мен Қазақстан банктері бизнес үшін 20 млрд теңге бөлді

"Даму" Қоры шағын және орта кәсіпкерлік үшін 10 млрд теңге бөлді. 8 млрд теңге "АТФ Банкке", 2 млрд теңге "Нұрбанкке" салынды. Талап бойынша банктер паритетті түрде қаржы бөлуі керек. Яғни екі банк осы сомаға тең қаржы шығарады. Осылайша "Даму-Өңірлер ІІІ" бағдарламасына бөлінген қаржының жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Несие "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға беріледі.

"Даму-Өңірлер" бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер субсидия түріндегі қосымша жеңілдікті де пайдаланып, пайыздық мөлшерлемені 7-10 пайызға арзандата алады. Ал кепіл мүлкі болмаған немесе жетіспеген жағдайда «Даму» Қоры несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді.

Қаржыландыру талаптары:

Несие бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі:

- "АТФ Банк" АҚ – жылына 14%;

- "Нұрбанк" - жылына 17,5%;

Бір кәсіпкердің қолына 500 млн теңгеге дейін беріледі;

Мерзімі – 84 айға дейін.

Салалар:

⋅ Агроөнекәсіптік кешен;

⋅Тау-кен өндіру саласы;

⋅ Құрылыс материалдарын шығару;

⋅ Металлургия, металлөңдеу, машинақұрылысы;

⋅ Көлік және қоймада сақтау;

⋅ Туризм;

⋅ Ақпарат және байланыс;

⋅Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлері;

⋅ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

⋅ Білім беру;

⋅ Өнер, көңіл көтеру және демалыс;

⋅ Басқа да қызмет түрлерін көрсету.

Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бүгінгі күні 3 134 кәсіпкер несие алып, 11 375 жаңа жұмыс орындары ашылып, нақты берілген қаражат 175 млрд теңгеге жетті.

"Даму" Қоры – бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы "Бәйтерек" Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. "Даму" Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету. Баспасөз қызметінің тел.: +7 (727) 2445566 (ішкі 1042) сайт: www.damu.kz

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536388-damu-qory-men-qazaqstan-bankteri-bizn.html