RU

Терісі созылып кеткен қыз қорқынышты дертіне қарамастан танымал модельге айналған

26 жастағы Сара Герц - әлемдегі Элерс-Данло синдромына шалдыққан 12 адамның бірі. Қыздың терісі тез зақымдалып, созылмалы болып кеткен. Дертінің салдарынан бойжеткен өз жасынан үлкен көрінеді деп жазады Life.ru.

10 жасында емі жоқ ауруға шалдыққанын білген ол үнемі кең киімдер киіп, созылған терісін жасыруға тырысатын. Егер денесіне жабысып тұратын киім кисе, бірден жара пайда болады.

"Жеті жасымда мен өзімнің біртүрлі екенімді сезіне бастадым. Кішкентай күнімде өзімді және терімді жек көретінмін", - дейді Сара Герц.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Үсенов туған күні қарсаңында бостандыққа шықты (фото)

Сара 22 жасқа толғанда жігітімен айрылысып, өмірін түбегейлі өзгертіп, өзін қалай бар, солай қабылдауға шешім қабылдайды. Қиын жолдан өткен бойжеткен, құрбысының арқасында модель болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536412-terisi-sozylyp-ketken-qyz-qorqynyshty.html