RU

Димаштың егде жастағы жанкүйері әншіні көру үшін мұхит асып келген (фото)

27 маусым күні Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне 58 жастағы америкалық жанкүйері арнайы ұшып келді. Әншінің қарт тыңдарманы жеке көлігін арнайы сертификатпен Dimash деп жазып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Димаштың концертіне мұхит асып арнайылап Америкадан жəне Якутиядан ұшып келген жанкүйерлермен. Бір қызығы, америкалық қонақ өз көлігінің нөмірін арнайы сертификатпен DIMASH деп алған екен. Соны бізге ала келіпті", - дейді Instagram желісіндегі парақшасында Димаштың анасы Света Айтбаева.

Тағы оқыңыздар: Парламентте қызын емізіп тұрып сөз сөйлеген сенатор әлем назарын аударды (видео)

Айта кетейік, мұхит асып келген Алиса Келлогг Димаштың АҚШ-тағы фанклубын басқарады екен. Ол тіпті мойнына Dimash деген жазуы бар алқа таққан.

Бүгін Астана қаласында Димаштың ата-анасы мен бауырлары әлемнің жан-жағынан келген жанкүйерлерімен кездесуге келді. Олар Димаштың отбасына арнап түрлі сыйлықтар тарту етіп, Димаштай өнерлі ұл үшін Құдайбергеновтер әулетіне алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536436-dimashtynh-amerika-asyp-kelgen-zhankuye.html