RU

Алматы-Қапшағай тас жолында жүк көлігі полиция капитанын қағып кетті (фото)

Алматыда қызметтік міндетін орындау барысында автокөлік соққысынан полиция қызметкері қаза тапты деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Алматы қаласы ІІД ЖҚАЖ аға инспекторы, полиция капитаны Жандос Нұрғазиев "Алматы-Қапшағай" тас жолынан үш шақырым қашықтықта орналасқан станционарлық полиция бекетінде өз қызметін орындаған.

Шамамен сағат 16:50-де «МАЗ-642208» автокөлігінің 1987 жылы туған Б. есімді жүргізушісі оңтүстікке қарай бағыт алып, рөлге иелік ете алмай бекетке соқтығысқан. Өкінішке орай, алған жарақаттың салдарынан капитан Нұрғазиев оқиға орнында қаза тапты.

Жол-көлік апатының фактісі біртекті тіркеу реестірінде Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуге тіркелген.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Үсенов туған күні қарсаңында бостандыққа шықты (фото)

Тергеуді Алматы қаласы ІІД басқармасы жүргізуде.

Полиция капитаны Нұрғазиев Жандос Азатқалиұлы 1986 жылы дүниеге келген. Ішкі істер ұйымында 2009 жылдан бері қызмет атқарады. Отбасылы, екі баланың әкесі.

Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшылығы мен жеке құрам Жандос Нұрғалиевтің жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536461-almatyda-policiya-kapitany-qyzmet-bar.html