RU

Оралда ауқатты отбасынан шыққан көкек ана жарты айлық сәбиін жертөлеге тастап кеткен

Оралда кеше сағат сегіздер шамасында төртінші шағынауданда жергілікті қарауыл Анатолий Плотников территорияны тексеру барысында жылап жатқан сәбиді тауып алады деп жазады "Мой ГОРОД".

Оның айтуынша, жарты айлық баланы көкек-ана салынып бітпеген үйдің жертөлесіндегі шұңқырға тастап кеткен.

"Мен тексеріс жүргізіп жүрген едім, жылап жатқан баланың дауысын естідім. Сәбиді көргенде, көшедегі жолаушылардан жедел жәрдем шақыруды өтіндім. Бала көрпеге оралып, орамалмен байланған",—дейді қарауыл.

Орал ІІД басшысы Мүслім Жәрдемовтың айтуынша, жарты айлық баланың күтімі жақсы және оның ауқатты отбасынан екені көрініп тұр.

Тағы оқыңыздар: Павлодарлық тұрғын африкалық ұлына әйел болатын қазақ қызын іздеп жүр

"Баланың жағдайы тұрақты. Шамамен жарты айлық. Біз қазір анасының тұрғылықты жерін анықтаумен айналысып жатырмыз. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан кинологтарды ит көрші үйге әкелген",— дейді Мүслім Жәрдемов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536639-oralda-auqatty-otbasynan-shyqqan-koke.html