RU

Димаш Астанадағы ЭКСПО сахнасында жанкүйерлерін "естен тандыра жаздады" (фото, видео)

Димаш Құдайбергенов Астанадағы ЭКСПО сахнасында жанкүйерлерін таңғалдырды. Қытайлық туристер көңіл-күйлеріне ерік берсе, қазақстандықтар бар дауыстарын салып, әншіге ілесіп тұрды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысының мәдени күндері атап өтілген ЭКСПО территориясындағы амфитеатрда ине шаншар орын болмады.

Кештің жарық жұлдызы Димаш Құдайбегенов болды: көпшілік сүйікті әншілері үшін келген. 

Қытайлық туристер сахна маңын берместен, жас әншіге қолдау білдіріп, "Димаш" деп айқайлап тұрды. 

Димаш сахнаға шыға салысымен, адамдар басқаша күйге бөлене бастады. Әнші аудиторияға жақындап, сахна шетіне шыққан сайын, жанкүйерлер тоқтаусыз айқайлап, эмоцияларын жасыра алмай жатты.

Тағы оқыңыздар:Жеті баласымен көше кезген алматылық келіншекке жомарт жандар жаңа үй салып бермекші

"Залдағылар" бар дауыстарымен "Азамат!", "Мықтысың", "Тағы ән салшы!" деп жатты.

Димаш қазақ тілінде бірнеше ән салып, тыңдармандарын өзімен бірге қосылып шырқауға шақырды.

Сөз соңында әнші Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбавқа қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, өзінің де Ақтөбеден екенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536662-dimash-astanadaghy-ekspo-sakhnasynda-zha.html