RU

87 жыл бір-бірімен ұрыспаған ерлі-зайыптылар кімдер? (фото)

Бір шаңырақ астында 87 жыл бақытты ғұмыр кешкен үнділік отбасы әлемдегі "ең ұзақ ғұмыр кешкен жұптар" рекордын жаңартты деп жазады Billionnews.ru.

107 жастағы Карам мен 100 жастағы Катари Чанд Гиннестің Рекордтар кітабына тіркелді. Үндістанның Пенджабе қаласында үйлену тойларын тойлаған жұп бүгінде Бредфорд қаласында тұрады.

Олардың сегіз баласы, 28 немерелері бар.

Бірге тұрған 87 жыл ішінде жұбайлар бір-бірін жақсылап зерттеп, бақытты, әрі ұзақ ғұмырдың құпиясын ашқан.

Тағы оқыңыздар: Назарбаевтың курстасы әуежайға елбасының атын бергендерді жағымпаз деп атады

Олардың айтуынша, адамдар бақытты ғұмыр кешу үшін бір-біріне қамқорлық танытып, сыйластықпен сүюді үйренулері керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536693-87-zhyl-bir-birimen-uryspaghan-erli-zayypt.html