RU

Шетелдік турист астаналықтардың жабайылығынан қорқып қалды (фото)

«Бәйтеректі» тамашаламақ болған гонконгтық турист кезекте тұрған тұрғындардың бір-бірін итергенін көріп қайран қалды. Оның айтуынша, "бұл - барып тұрған мәдениетсіздік" деп хабарлайды NUR.KZ.

ЭКСПО басталғалы бері Елордаға әлем елдерінен ағыла бастаған туристер де көбейді. Солардың бірі Гонконгтан Астананың көрікті жерлерін аралау үшін арнайы келген  Ту есімді азамат.

Шетелдік мейманның бас шаһарға келгеніне бар-жоғы екі-үш сағат болса да, ол қаланың сол жағалауының біраз жерлерін аралап, ат басын «Бәйтерекке» бұрып үлгерген.

Тағы оқыңыздар: Димаш Астанадағы ЭКСПО сахнасында жанкүйерлерін "естен тандыра жаздады" (фото, видео)

«Астананың ауасы таза, әдемі қала екен. Адамдары да жылы жүзді, қарапайым. Бірақ «Бәйтерекке» кірмек болғанда кезекте тұрған адамдардың бір-бірін итеріп, жеделсатыға кіру үшін сөзге келіп жатқанын көргенде көңілім құлазып қалды.

Бізде Гонконгта мұндай мәдениетсіздікке жол берілмейді. Кез келген ғимаратты тамашалағысы келетін қала тұрғындарын қызметкерлер күліп қарсы алып, күліп шығарып салады.

Сонда келушілер де, ғимарат өкілдері де дән риза болады. Жалпы адамды көкірегінен итеріп, кезекке бола сөзге келу бейәдеп қылық деп ойлаймын», - деп шетелдік турист өз әсерлерімен бөлісті.

Тағы оқыңыздар: Павлодарлық тұрғын африкалық ұлына әйел болатын қазақ қызын іздеп жүр

Сондай-ақ гонконгтық азамат алдағы күндері «ЭКСПО»-ны аралап, Көкшенің Бурабайына жол жүретінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері Астанадағы "Бəйтерек" монументін тамашалауға келген қала қонақтары ғимаратқа сыймай, сағаттап кезек күтуге мəжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536730-ekspo-gha-kelgen-sheteldik-turist-turghy.html