RU

Назарбаевтың курстасы әуежайға елбасының атын бергендерді жағымпаз деп атады

Шымкентте ке­зінде Нұрсұлтан Назарбаевпен Днепро­дзержинск қаласында бірге оқы­ған бірнеше аза­маттың тұратыны белгілі. Солардың бірі – Тельман Спа­ев. Тельман қария Замана газетіне қоңырау шалып, Астана әуежайына президенттің аты берілуіне қатысты пікір білдірді.

"Астанадағы әуежайға Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілгенін естіп, екіұдай сезімде отырмын. Мұны мен кейбір жағымпаздардың ісінің нәтижесі деп білемін. Соған іштей ренжулімін. Бұрын комсомолда істеген бірер жағымпаздар бар, осындай бастамаларды солар шығарады. Осыным қалай болар екен деп жұрттан ұялмайды да. Негізі Нұрсұлтанның абырой-атағы бір басына жетеді ғой. «Подхалимдер» президенттің абыройын бұлайша асырмай-ақ қойсын. Қайта атына көлеңке түсіріп жатыр. Оның атын бұдан үлкен нысанға берген жарасады емес пе?", - дейді Тельман Спаев Замана газетіне берген сұхбатында.

Президенттің курстасы жағымпаздардың бұл қылығына риза еместігін айтқан.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандағы олигархтардың балалары қалай өмір сүреді? (фото, видео)

"Өткенде біреудің джип көлігіне «Нұрсұлтан. Қожа» деп жазып қойғанын көріп, көлік иесіне әбден ұрыстым, мұның ұят болатынын айтып, жазуын өшіргіздім. Жөн-жосықсыз бұлай ете беруге болмайды ғой", - дейді қария.

Бүгінде «Президенттің курс­тастары» қорын басқарып отырған қарияның Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары бағалайтыны белгілі.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536737-nazarbaevtynh-kurstasy-auezhaygha-elba.html