Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда шіріген картоптың кесірінен екі адам көз жұмды

Опубликовано:

Теміртауда жерқойманы тазалап жатқан жерінде ер адам мен әйел көз жұмды. Сондай-ақ, үш өрт сөндіруші уланып қалды. Ол жерде былтырғы жылғы шіріген картоп сақталған болып шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға қаланың 6-шы шағын ауданында болған.

«Ер адам мен әйел адам жерқойманы былтырғы жылғы картоптан тазалау үшін төменге түскен. Алайда олар қауіпсіздік шарасын сақтамаған, яғни қауіпсіздік маскасын тақпаған», - дейді Теміртау қаласы ТЖ басқармасының жетекшісі Арман Алпысбаев.

Бас құтқарушы картоп шіріген кезде одан көмірқышқыл газы бөлінетінін айтты.

Тағы оқыңыздар: Павлодарлық тұрғын африкалық ұлына әйел болатын қазақ қызын іздеп жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1536769-temirtauda-shirigen-kartoptynh-kesiri/

pixel