RU

Қытайлықтар Димаштың Астанадағы жеке кешіне арнайы ұшып келіп жатыр

Аты әлемге әйгілі CCTV арнасының бас продюсері Джоу Хонг Димаштың Астанадағы кешіне бірнеше мыңдаған қытайлықтардың ағылатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Әлем бойынша 121 елде өз орталығы бар рейтингі жоғары қытайлық телеарна өкілдері Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысында іссапармен болып қайтты. Мақсат – күнгей өңірдің тұрмыс-тіршілігімен танысу.

Қытайлық мамандар алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы туралы деректі фильм түсіруді де жоспарлап отыр. Тек қана оңтүстік өңірі емес, жалпы Қазақстанның мәдениеті мен экономикалық әлеуеті, халқы жайында репортаждар дайындап, қазақ елін әлемге паш етуді де көздеуде.

Тағы оқыңыздар: Есентаевтың қарындасы ақша үшін отбасын ойран еткен әйелдерге жанайқайын жеткізді

Бұдан өзге қытайлық қонақтар өз сөзінде талантымен әлемді тамсандырған Димаш Құдайберген туралы да сөз етті.

«Димаштың Қытайдағы репутациясы өте жоғары, күннен күнге өсіп келе жатыр. Дәл қазір қолымда нақты сандық мәлімет жоқ. Негізі Қытайға Қазақстанды танытуда Димаштың әсері өте мол болды. Димаш екі ел мәдениетінің көпіріне айналды.

Димаштың Астанада өтетін кешіне Қытайдан көптеген оның жанкүйерлері ұшып келіп, концертті тамашаламақшы. Бұл кеш те Қазақстан үшін үлкен жарнама. Шыны керек, Димаш десе - Қазақстанның, Қазақстан десе – Димаштың аты аталады», - деді CCTV арнасының бас продюсері.

Тағы оқыңыздар: Бейбіт Шүменов: Бокстан осылай кеткеніме өкінемін

Ақпарат ретінде айта кетейік, бүгін Астанадағы «Астана Арена» стадионында қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің жеке кеші өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536852-qytaylyqtar-dimashtynh-astanadaghy-zhek.html