RU

ОҚО-да иттің құлағындағы кенені тазалаған жеткіншек тіл тартпай кеткен

Оңтүстік Қазақстан облысында кене шаққан жігіт көз жұмды. Қайғылы оқиға Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында болған деп хабарлайды Бірінші арна.

Кейбір мәлімет бойынша, марқұм әлі кәмелеттік жасқа да толмаған екен. Ол ауладағы иттің құлағына жабысқан кенені қолымен тазалаған көрінеді. Ізінше, ыстығы көтеріліп, денсаулығы күрт нашарлаған.

Дәрігерлер ем-дом жасағанымен, дерттің бетін қайтара алмапты. Салдарынан науқас есін жимастан қайтыс болған.

Тағы оқыңыздар: Теміртауда шіріген картоптың кесірінен екі адам көз жұмды

Қазір марқұммен байланыста болған туыстары дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған.

Алайда, бұл ақпаратты әзірге ешқандай мекеме ресми растаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537009-ittinh-qulaghyndaghy-keneni-tazalaghan-zh.html