RU

ЭКСПО күзетшісі көрмеге келген қонақтарды балағаттап жіберді (фото)

ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге қоқан-лоққы көрсеткен күзетшінің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Шараны тамашалауға келген азамат ЭКСПО аумағында видео түсіргені үшін күзетшінің қаһарына ұшырады. «За тебя Баке» парақшасын аталған видеоны жариялап, жұртшылық төбелеске дайын күзетшіні сынға алды.

Басым көпшілігі жұдырық ала жүгірген күзетшіні «тәрбиесіз» деп сөксе, енді бірі «шетелдік қонақтардан ұят болды» деп қынжылуда.

«Астананың сыпайы күзетшілері» деген роликте күзетші видео камерасын қосқан келушілерге: «Сендер біздің территорияны түсірдіңдер, жүріңдер» деп белгісіз жаққа шақырады. «Сіз кімсіз? Аты-жөніңізді айтыңызшы, кім екеніңізді?», - деген сұрағы үшін күзетші «басымды қатырма» деп жұдырығын ала жүгіріп, қонақты балағаттай жөнелді.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар!

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537047-qonaqty-balaghattap-zhudyryq-sermegen.html