RU

Жантүршігерлік апаттан соң аяққа тұрған Ернар Айдар клип түсіруге көшті

Көктемде жантүршігерлік жол апатына түсіп, елді алаңдатқан Ернар Айдардың денсаулығы бүгінде жақсарып келеді. Ол тіпті жаңа бейнебаянын түсіруді де бастап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы "Жұлдыз ТВ" арнасынан айтылды.

Бүгінде әнші желідегі парақшасына түрлі суреттерін жүктеп жүргенімен, ол бетін көрсетпей әлек болуда. Оның бет-жүзін көрсетпегеніне алаңдаған жұрт әншіні сұрақтың астына алды.

Дегенмен, әншінің тыңдармандары үшін қуанышты жаңалық да жоқ емес. Ауыр апаттан соң аяққа тұрған әнші бүгінде түрлі шараларға барып, тіпті клип түсіруді де қолға алған.

Тағы оқыңыздар: Қытайлықтар Димаштың Астанадағы жеке кешіне арнайы ұшып келіп жатыр

Бұл туралы оның ағасы әрі продюсері Талғат хабарлаған. Алайда ол жаңа әннің қалай аталатынын ашып айтқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537086-zhanturshigerlik-apattan-sonh-ayaqqa-tur.html