RU

АҚШ тұрғыны жерленгеніне 11 күн өткен соң үйіне оралды (фото)

56 жастағы ер адамның мәйітін полицейлер тас жолдан тауып, оның кім екенін саусақ ізі бойынша анықтайды. Отбасы ұлдарын жерлеп, қара жамылып жүргендеріне 11 күн өткенде ол үйіне оралған деп жазады Life.ru. 

82 жастағы АҚШ-тағы Уайлдомар қаласының тұрғыны Фрэнк Керриган ұлының өлімі туралы естігенде жүрегі тоқтап қала жаздайды. Полицейлер ұйқымен проблемасы бар және психикалық ауруға шалдыққан кіші-Фрэнктің көшеден табылғанын айтқан. Олар мәйітті саусақ ізі бойынша анықтағандықтан, оны қараудың қажеті жоқ екенін алға тартады.

Өлген жігіттің әпкесі інісі қаза болған жерге қолдан ескерткіш тұрғызған. Анасының жанына қойылған жігіттің жерлеуінде ағасы жүрек тебірентер естеліктер айтады.

Тағы оқыңыздар: Қатыгез ата-ана мерзімі жетпей туылған нәрестесін қоқысқа лақтыра салды (фото)

Бірақ, екі апта өткен соң үлкен Фрэнкке ұлының досы хабарласып, кіші-Френктің тірі екенін хабарлайды. Анықталғандай, полицей учаскесінде саусақ іздерін шатастырып алған.

Оның үстіне жерленген жігіттің сыртқы келбеті олардың ұлдарына қатты ұқсаған. Енді оның отбасы адам тағдырына бей-жай қараған құқық қорғау ұйымдарын сотқа бермекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537155-aqsh-turghyny-zherlengenine-11-kun-otken.html