RU

ЭКСПО-ға келген қытайлық қонақтың алтын білезігін тапқан полицей сыйлық алды (фото)

Астанада жоғалған зергерлік бұйымды тауып, иесіне қайтарып берген полицей марапатталды деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығы аумағында қызметін атқарып жүрген Рамиз Сафиуллаев қомақты қаражатқа түбіртегі мен сертификаты бар зергерлік бұйым тауып алған. 

Полиция бұйымның иесі кім екенін анықтады: Қытай азаматшасы алтын білезік сатып алып, абайсызда жоғалтып алған екен. 

Тағы оқыңыздар: Алаңсыз демалып жатқан павлодарлықтарды ауыл тұрғындары сабап тастаған (фото)

Астана ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ЭКСПО аумағындағы аудандық полиция бөлімшесінде жеке құрам алдында полиция капитаны Рамиз Сафиуллаевты бағалы сыйлық – сағатпен марапаттады.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537190-ekspo-gha-kelgen-qytaylyq-qonaqtynh-alt.html