RU

32 жыл бұрын түрмеден қашқан қылмыскер ақыры қолға түсті

АҚШ-тың Арканзас штатында 32 жыл бұрын түрмеден қашқан қылмыскер қолға түсті. Бұл туралы NUR.KZ порталы zanoza.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дишман 1984 жылы мүлікті тонағаны үшін Линкольн округінің түрмесіне жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Дишман 1987 жылдың желтоқсанында шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алатын еді. Алайда ол 1985 жылдың мамырында түрмеден қашып кетеді.

Тағы оқыңыздар: Банкке тыр жалаңаш келген клиент жұртты шошытты (фото)

Араға 32 жыл салып, 60 жастағы Стивен Дишман өз үйінде полицейлердің қолына түсті. Енді егде жастағы азамат өзінің қалған мерзімін өтеумен қоса, қашқаны үшін қосымша мерзімге қамалатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537297-32-zhyl-buryn-turmeden-qashqan-qylmysker.html