RU

Теңге бағамы рекордтық деңгейде нығая түсті

Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгілік сессия барысында ұлттық валюта бағамы үш теңгеге нығайып, долларына 321,79 теңгені құрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұлттық валютаның деңгейі бір ай ішінде алғаш рет рекордтық деңгейге көтеріліп отыр.

Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, Астананың айырбас нүктелері долларды орта есеппен 321,99 теңгеге сатып, 320,04 теңгеге сатып алуда.

Тағы оқыңыздар: 32 жыл бұрын түрмеден қашқан қылмыскер ақыры қолға түсті

Ал Алматының айырбас нүктелері долларды 320,56 теңгеге сатып, 322,29 теңгеге сатып алып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537338-tenhge-rekordtyq-denhgeyge-nyghaya-tusti.html