RU

Астаналық бойжеткен 80 келі сиыр етін қаңғыбас иттерге бөліп берді

Қолы ашық астаналықтар уақытша орындағы иттерге ет, сүт, нан әкеліп беріп жатыр деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап baq.kz.

«Жақында бір ерікті қыз 80 келі сиыр етін алып келіпті. Иттерді өзі тамақтандырып кетті. Біреулер кепкен тағам, нан, сүт әкеледі. Алайда нан мен сүттің қазір қажеттілігі жоқ. Күн ыстық болғандықтан азық-түлік тез бұзылады. Нанды иттер жей қоймайды. Тамақ әкелгісі келетіндер, аз-маз ет, кепкен тағам әкелуіне болады», - дейді «Астана ветсервис» директорының міндетін атқарушы Айдархан Арыстанов.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға келген қытайлық қонақтың алтын білезігін тапқан полицей сыйлық алды (фото)

Бұған дейін айтқанымыздай, қала әкімі Әсет Исекешевтің ұсынысымен Астанада мемлекеттік үй жануарларына арналған орын салынып жатыр. Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылуда.

Жаңа орында төрт жүзге жуық ит пен мысық ұсталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537356-astanalyq-boyzhetken-80-keli-siyr-etin-qa.html