RU

Миллиардер отырып қалған қызын күйеуге алатындарға 180 млн доллар ұсынды (фото)

Гонконгтық миллионер Сесил Чао өзінің 37 жастағы қызы Джиджиді тұрмысқа беруге асығуда. Әлі күнге дейін тұрмысқа шықпай, кәрі қыз атанған қызы үшін ол 180 млн доллар беруге уәде етті.

Қызының тұрмысқа шықпағанына налыған миллиардер бұл істі өз қолына бұдан бес жыл бұрын алған болатын.

Тағы оқыңыздар: Жантүршігерлік апаттан соң аяққа тұрған Ернар Айдар клип түсіруге көшті

Ол қызын алатын жігітке 60 млн доллар бермек болған. Алайда оның бұл әрекетін ешкім түсінген де, назарға ілген жоқ.

Одан кейін бес жыл өтсе де, күйеуге шығуға асықпаған қызы үшін берілетін сыйақыны ол енді 180 млн долларға дейін арттырған.

Оның айтуынша, Джиджиді өзіне қаратып, оны ғашық етуге қауқарлы жігіт сол бойда байып шыға келмек.

Тағы оқыңыздар: Қарақат пен Қыдырәлі көп күткен қызын қырқынан қалай шығарды? (фото)

Алайда ақшаға қызығып келген күйеужігіттердің барлығы қызға ұнамай, құр қол қайтқан екен. Себебі Джиджи жігіттерге қызықпайтын лесби болып шыққан.

Оның сүйіп қосылған қызы да бар болып шықты. Миллиардердің қызы сүйіктісінің жанында ер адамның кейпінде жүретінін елге жайып салды.

Бұл суретте Джиджи шаш үлгісін ерлерше өзгертіп, ерлер костюмін киіп алғанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537407-miliarder-otyryp-qalghan-qyzyn-kuyeug.html