RU

Атырауда оқу орнын балағаттаған түлектер ұятқа қалды (фото, видео)

NUR.KZ оқырмандары редакцияның WhatsApp +7 771 718 15 57 нөмеріне Каспий маңындағы заманауи колледж түлектерінің ортаңғы қолын шошайтып, өзі оқитын оқу орынын балағаттап жатқан виедосын жіберді.

Желі мен месенджер арқылы таралып жатқан видеоға қатысты Атырау қаласының білім басқармасы да пікір білдірді. Айтуларынша видео "қаһармандарының" жеке тұлғасы анықталған.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға келген қытайлық қонақтың алтын білезігін тапқан полицей сыйлық алды (фото)

"Біз заманауи Каспий маңы колледжінің директорымен байланыстық. Ол оқиғаның барлық қатысушылары анықталғанын айтты. Осыған қатысты студенттер және олардың ата-аналарымен бірнеше рет жиын болды. Мүмкін бұл іс сотқа жіберілетін болады ", - дейді білім жөніндегі шенеунік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537412-zhelide-atyraulyq-tulekterdinh-balagha.html