RU

Ақшасын оңды-солды шашатын миллионер туралы не білеміз?

Өзін АҚШ президенттігінің сайлауына үміткер етемін деп жұртты шулатқан миллионер азамат Дэн Билзерян туралы қызықты мәліметтерді NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Покерге әуес қалталы азамат Дэн Билзерян аста-төк байлығы мен әйелжандылығының арқасында елінде танымал болып үлгерген.

Дэн порноактрисаны жалаңаш күйде өз жекежайынан бассейнге лақтырып жіберіп, басы дауға қалған еді. 18 жастағы бойжеткен құлаған сәтінде аяғын сындырып, Дэнді сотқа береді.

Бала кезінен қаруға әуес азаматты багажына қару салып жүргені үшін талай рет соттаған. Ақыры сол үшін оқу орнынан шығып қалған Дэннің бүгінде 97 қаруы бар. Миллионер әр бөлмесіне оқталған қару қойып қойған.

Миллионер ақша шашудан алдына жан салмайды. Ол екі ай ішінде құмар ойындарға 5,6 миллион долларын сарп еткен.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбедегі жетім балалардың үйін банк тартып алды

Қару десе ішкен асын жерге қоятын Дэн, тіпті Лос-Анджелес әуежайына жарылғыш заттың бөлшектерін алып өтемін деп қамауға алынған болатын.

Дэн есірткі, жас қыздар мен ішімдікке толы көңілді кештердің бірінде екі рет инфаркт алған. Әйелжанды азамат 12 күнде 16 қызбен төсектес болғанын мақтанышпен айтады.

Дэнге мұнша қыруар қаражат қайдан келіп жатқанын ешкім түсіне алар емес. Себебі оның әкесін олигархтар қатарына жатқыза алмайсың. Ал өзінің қайдан ақша тауып отырғаны құпия сақталуда. Дегенмен мүлкі 235 млн доллар екені белгілі.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған екі жігіт қаза болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537450-aqsh-prezidenti-bolamyn-dep-zhurtty-shul.html