RU

Бәліш сатып жүрген қырғыз қызы әлемнің ең әдемі аруы атанды (фото)

Бішкекте тұратын жас қыз Қанышай Бейшекеева бәліш сатып жүріп, әлемнің ең әдемі аруы атанды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ladysterritory.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткенді әлемге танымал фотограф Михаэла Норок байқап қалған. Ол бәліш сатып тұрған оқушы қыздан өзін суретке түсіруге рұқсат беруін сұрайды. Сенбі, жексенбі бәліш сатып, ақша тауып жүрген оқушы бұл өтінішіне келісімін берген.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбедегі жетім балалардың үйін банк тартып алды

Алайда бойжеткен бұл сурет өзін әлемге танымал етеді деп күтпеген. Белгілі болғандай, қыздың суреті  танымал "Әлем атласы" жобасына жарияланыпты.

Қанышай өзін көрікті санамайтынын алға тартып, модель болу жоспарында жоғын айтты.

Тағы оқыңыздар: Есілде жүзіп жүрген екі метрлік қолтырауын астаналықтарды шошытты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537602-bishkekte-balish-satyp-zhurgen-boyzhetke.html