RU

Есілде жүзіп жүрген екі метрлік қолтырауын астаналықтарды шошытты (фото)

Facebook желісінде Есіл өзенінде жүзіп жүрген екі метрлік қолтырауынның видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қолтырауынға үңіліп қарасаңыз, оның жасанды екенін түсіне аласыз. Алайда алыстан жұрт оны расымен қолтырауын деп қалған.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас философия ғылымдарының магистрі атанды (фото, видео)

Олар күтпеген жерден жануардың шыға келгеніне шошып кетіпті.

Белгілі болғандай, бұл жергілікті кәсіпкер Жанболат Маратовтың әзілі екен деп жазады Tengrinews.kz. Ол өзенге жасанды қолтырауынды жіберіп, тұрғындарды таң қалдырмақ болған екен.

Қолтырауынның ұзындығы - 180 см. Қашықтықтан басқарылатын "қолтырауын" емін-еркін өзенде жүзе алады.

Тағы оқыңыздар: Ақшасын оңды-солды шашатын миллионер 12 күнде 16 қызбен төсектес болған

Маратов Есілде катамарандардың жалға алуын ұйымдастырып, "қолтырауынды" тек сол аймақта жүзгізуде.

Фото: facebook.com/ruslan.yeskendir

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537615-esilde-zhuzip-zhurgen-eki-metrlik-qolty.html