RU

Аурушаң баланы баққысы келмеген ата-ана сәбиін қоқысқа лақтыра салды (фото)

Қытайда мерзімі жетпей туылған нәрестесін қоқысқа лақтыра салған қатыгез ата-ана жұртты дүрліктірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мерзімінен бұрын туылып қойған нәрестенің салмағы тым аз болған. Ал баласы аурушаң болғанын қаламаған ата-анасы одан құтыла салуды ұйғарыпты.

Тағы оқыңыздар: Бәліш сатып жүрген қырғыз қызы әлемнің ең әдемі аруы атанды (фото)

Ақыры емханадан шыға сала екеуі де нәрестесін қоқыс жәшігіне лақтыра салған. Абырой болғанда қоқыс ақтарып жүрген үйсіз азамат нәрестені байқап қалыпты.

Ол баланы жақын маңдағы емханаға алып барып, дәрігерлер бірден нәрестенің ата-анасын анықтаған. Нәрестенің анасы да, әкесі де оны қоқысқа лақтыра салғанын беті бүлк етпей мойындады.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде алтыншы қабаттан құлаған сәби ғажайыптың күшімен аман қалды

"Біз оны мерзімінен бұрын туылғасын, тірі қалмайтын шығар деп ойладық. Оны лақтырмас бұрын көп ойландық", - дейді сәбидің әкесі.

Қатыгез ата-ана өз ісіне өкінетінін алға тартып, баласына қамқор болуға уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537661-qatygez-ata-ana-merzimi-zhetpey-tuylgha.html