RU

Ақтөбеде алтыншы қабаттан құлаған сәби ғажайыптың күшімен аман қалды

Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін алтыншы қабаттан құлап, аман қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға дүйсенбі, 26 маусым күні Құлымбетов көшесі, 196 үй мекен жайында орын алды. Шыбын-шіркей торы баланың салмағымен жыртылып кеткен.

"Жәбірленушіні тексергенде, бас сүйегінің сынуы және іштің жабық жарақаты диагнозы қойылды", — деп мәлім етті жедел жәрдем ауруханасының сарапшы дәрігері Татьяна Топельская.

Тағы оқыңыздар: Есілде жүзіп жүрген екі метрлік қолтырауын астаналықтарды шошытты (фото)

Қазір бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер сондай-ақ осыған ұқсас жағдайдың Ақтөбе маңындағы Қарағалы кентінде 23 маусымда болғанын айтты.

Бірақ ол жерде сәби шетінеген. 11 айлық бала шыбын-шіркейге арналған торды бұзып, бесінші қабаттан құлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537662-aqtobede-altynshy-qabattan-qulaghan-ush.html