RU

Аяғы ерекше ұзын бойжеткен әлі күнге дейін модель бола алмай жүр (фото)

АҚШ-та аяғы тым ұзын 22 жастағы Чейз Кеннеди танымал модель атануды армандап жүр. Бұл туралы NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда бойжеткенге бұл арманын іске асыру оңайға соқпауда. Себебі, сән агенттіктері арудың аяғы тым ұзын екенін бетіне басады екен.

Тағы оқыңыздар: Танымал қазақстандық футболшы Еуропа лигасына қатысатындардың тізімінен тыс қалды

Чейздің аяғы 129,5 сантиметрге жетеді. Ал бойы - 195 см. Бойжеткен бүгінде спортта жетістіктерге жетіп жүр. 13 жасында 185 сантиметр болған ару өзін талай құрдастары мазақ еткенін де жасырмайды.

Алайда уақыт өте келе Чейз өз ерекшелігін мақтан тұтатын болған. Бойжеткен, тіпті биік өкше киюден еш қымсынбайды.

Тағы оқыңыздар: Қатыгез ата-ана мерзімі жетпей туылған нәрестесін қоқысқа лақтыра салды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537695-ayaghy-tym-uzyn-boyzhetken-model-boludy.html