RU

Қоғамдық орында жыныстық қатынасқа түсуді ұнататын павлодарлық ару жаға ұстатты

Павлодардағы кафелердің бірінде қоғамдық әжетханада жыныстық қатынасқа түскен бойжеткеннің кім екені анықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы pavon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткеннің бұл қылығын әшкерелейтін видео 2014 жылы түсірілген екен. Алайда тек жақында жалпақ жұртқа жария етілген. Видеодағы ару 28 жастағы тұрғын екенін анықталды.

"Бойжеткеннің үстінен "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", - дейді ІІД өкілі.

Енді бойжеткен ұятсыз қылығы үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Бір қызығы, жыныстық қатынасқа түскен ер адам туралы ешқандай ақпарат берілмеді.

Тағы оқыңыздар: Бойжеткен аяғы тым ұзын болса да, әлі күнге дейін модель бола алмай жүр (фото)

Ал "Полезный экибастузец" паблигінде желі қолданушылары бойжеткен мен оның сүйіктісі бұған дейін де ел алдында жыныстық қатынасқа түсіп, жұртты шулатқанын жарыса жазуда деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл Екібастұзда танымал болып үлгерген жұп. Оларды екі жыл бұрын Екібастұз әкімдігінде, "Максимолда", моншада және "Стейк хаус" кафесінде жыныстық қатынасқа түскені үшін жазаға тартқан. Олар Павлодарға көшіп келіп, ескі әдетіне басты", - деп жазған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537722-qoghamdyq-orynda-zhynystyq-qatynasqa-t.html