RU

Журналист сауалына дер кезінде жауап бермегендер енді жұмысынан қуылады

Журналист сауалына уақытында жауап бермегендер жұмыстан босатылады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді деп хабарлайды Хабар24.kz.

Ведомство басшысы парламентте БАҚ туралы заң жобасын таныстырды. Құжатқа сәйкес, тілші тарапынан сауал алған қандай да бір орган екі тәулік ішінде жауап беруге міндеттеледі. Ал жаңа көтерілген мәселе бойынша қойылған сұрақтар 15 күнге дейін қарастырылуы мүмкін.

Дәурен Абаевтың айтуынша, мұндай шешім БАҚ өкілдерін сапалы әрі толыққанды ақпаратпен қамтуға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыздар: Есілде жүзіп жүрген екі метрлік қолтырауын астаналықтарды шошытты (фото)

Айта кетейік, алдағы уақытта әрбір органда БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс жүргізетін қызметкер болады.

"Көптеген ведомство мамандары журналистердің жіберген сұрақтарын жауапсыз қалдырады. Ал келген жауаптары сын көтермейді. Тілшілер бұған наразы. Бұдан былай мұндай тұлғаларға заңды шешім қабылданып, тіпті жұмысынан босату туралы шараларды қарастыруға тура келеді", - дейді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537728-zhurnalist-saualyna-der-kezinde-zhauap.html