RU

Ақтөбе облысының бас дәрігері өлген соң ішкі ағзасын өзгелерге бермекші

Ақтөбедегі донорлыққа қатысты дау шенеуніктерді түрлі амалдарға жетелеуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тіпті мәйіттік донор боламын деп жар салды деп хабарлайды КТК арнасы.

Әсет Қалиев өлген соң ішкі ағзасын өзге науқастардың қажетіне жаратуға келісім беріп, әріптестеріне қолхат жазған.

Ең қызығы, мұндай құжат толтырмаса да мәйіттен ағза алуға болатынын бұған дейін шенеуніктердің өздері түсіндірген.

Ал дауға себеп болған - Серікболсын Көшербай есімді жас жігіттің екі бүйрегі.

Төбелес кезінде басынан зақым алып қайтыс болған марқұмның ішкі ағзасын жергілікті дәрігерлер басқа науқасқа салып берген.

Тағы оқыңыздар: АҚШ тұрғыны жерленгеніне 11 күн өткен соң үйіне оралды (фото)

Кейін рұқсат сұрамады деп марқұмның жақындары дау шығарған болатын. Олар тіпті облыстық денсаулық сақтау басқармасын сотқа беріп, миллион теңге моральдық шығын талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537853-aqtobe-oblysynynh-bas-darigeri-olgen-s.html