RU

Үш жыл бойы демалмай жұмыс істеген министр шетелге шығудан бас тартты

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы үш жылда демалысқа шықпағанын айтты.

"Үш жылда бірде-бір рет демалысқа шыққан жоқпын", — деді Мұхамедиұлы тілшілердің "биыл қайда демаласыз?" деген сұрағына жауап бере отырып.

Үш жыл бойы тынымсыз еңбек еткен министр биыл осы олқылықтың орнын толтырмақ және шетелде емес, еліміздегі демалыс орнын таңдап отыр.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбе облысының бас дәрігері өлген соң ішкі ағзасын өзгелерге бермекші

"Әрине, Алакөлге барамын. Сіздерді де шақырамын", — деді Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, бүгін үкіметте отандық туризмді дамыту мәселелері талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537864-ush-zhyl-boyy-demalmay-zhumys-istegen-min.html