RU

Күйеуі аяусыз ұрып, ернін тілген қазақ қызы азапты күндерін баяндады (фото)

Күйеуі күнде аяусыз соққыға жығатын қызылордалық тұрғын онымен ажырасып тынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жәмиля күйеуінің соңғы ұрып-соғуынан кейін шыдамы таусылып, некесін бұзған. Ер адам оны шәйнек сынығымен өткен жылдың сәуірінде соққыға жығыпты. Келіншек күйеуі, тіпті ата-анасына қол көтергенін есіне алды. Қатыгез азамат туған ата-анасының білектерін жарақаттаған.

Жәмиля алты жыл некесінен көрген тозағын Facebook парақшасында жария етті.

Тағы оқыңыздар: 17 миллион халқы бар Қазақстанды қанша адам басқарып отыр?

"Күйеуім маған алғаш рет қол көтергенде, менің бақытты күндерім аяқталды. Сол сәттен бастап күйеуім мені күнде сабауды шығарды. Басымды қабырғаға ұрғанында бірнеше рет есімнен танғанмын. Қоқан-лоққы көрсетіп, тұншықтыратын. Ернімді тілетін. Ол мені аяусыз соққыға жыққаннан ләззат алатындай болып көрінді. Ол, тіпті мені жүкті кезімде ұрып-соқты. Балам ауру болып туады деп қорыққан едім. Олай болмады. Ата-анамның абыройы үшін шыдап келдім", - дейді Жәмиля.

Бір күні ер адам Жәмиляны және өз ата-анасын кішкентай ұлының көзінше ұрып-соғады.

"Өткен жылдың сәуірі еді. Күйеуім керамикалық шәйнекті сындырып, оның сынығымен маған тап берді. Оның ата-анасы маған араша түспек болғанда, күйеуім олардың білегін жарақаттады. Бұл жайттың бәрі үш жасар ұлымның көзінше болды. Маған кезек келіп, күйеуім менің қолымды жарақаттады. Сәл болмағанда күре тамырымды кесіп жіберер еді. Қолымнан тоқтамастан қан заулады. Ұлымды құшақтап, үйден қашып шықтым. Бірден жедел жәрдем шақырсам да, олар жеткенше тым көп қан жоғалтар едім. Такси ұстап емханаға өзім бардым", - дейді келіншек.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде құны 84 млн еуро болатын зауыт салынбақшы

Жәмиля бірден полицияға шағым түсіреді. Бір қызығы оған заң бойынша некедегі ер азамат әйелін соққыға жықса, оған тек әкімшілік айыппұл немесе бірнеше тәулік қамау жазасы қарастырылғанын айтқан.

"Сонда ер адам бірнеше тәулік отырып, айыппұл төлеп, кейін әйелін ұруды қайта жалғастыра бере ме? Заң неткен әлсіз, ал әйелдер қорғансыз... Бір түсінгенім, шыдап жүре берсең, соңы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Сол үшін ойланбастан кету керек», - дейді Жәмиля.

Келіншек өзінің орнын басатын өзге әйелдің тағдырына алаңдаулы екенін жасырмады.

"Біз ажырастық. Бұл ол үшін жаңа құрбан табудың таптырмас мүмкіндігі. Ал мен үшін ажырасқан деген жаман атақ. Еркектерді әйеліне қол көтергені үшін қатаң жазаға тарту керек", - дейді Жәмиля.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1537935-kuyeui-shaynekpen-urghan-qazaq-qyzy-qor.html