Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызының өмірі көз алдында сөніп жатқан әке амалсыз онымен бірге қабірге жатты (фото, видео)

Опубликовано:

Қытайда қызының өмірі көз алдында сөніп жатқан әке амалсыз онымен бірге қабірге жатты. Бұл туралы NUR.KZ порталы mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Чжан Синь Лэй сирек кездесетін қан дертіне шалдыққан. Ата-анасы осы күнге дейін оның еміне қыруар қаражат жұмсап келді.

Тағы оқыңыздар: Қара күшке ие 91 жастағы кейуана жұртты мықтылығымен тәнті етті (фото)

Алайда ақшасы мүлде таусылып қалған әке енді не істерін білмей сабылып жүр. Чжан Линьон енді қызын қабірде жатуға үйрете бастауды ұйғарған.

"Мен оны күнде қабірде ойнатып, о дүниеде болатын жеріне етін үйретпекшімін. Енді оған берер жалғыз көмегім осы ғана", - дейді тығырыққа тірелген әке.

Тағы оқыңыздар: 17 миллион халқы бар Қазақстанды қанша адам басқарып отыр?

Чжан Синь Лэйдің аяғы ауыр анасы да қызымен бірге қабірге барады. Қыз бала өмір бойы қымбат дәрілер мен емге тәуелді ететін дертке шалдыққан.

"Біз тығырыққа тірелдік, басқа амалымыз қалмады", - дейді көзіне жас алған келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1538009-qyzynynh-omiri-koz-aldynda-sonip-zhatqa/

pixel