RU

Мешіттегі садақа жәшігіне ұрлыққа түскен азамат Аллаға ерекше хат қалдырып кетті

Пәкістанда мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған ерекше уақиға болды. Ұры жәшіктен 50 000 рупий($478) алып, ісіне ешкімнің араласпауын, себебі бұл «Алла мен оның арасындағы іс» екенін айтып хат қалдырып кеткен деп жазады Muslim.kz.

Ұры ақшаны садақа жәшігінен алып, жанына өз «жолдауын» қалдырған.

Тағы оқыңыздар: 17 миллион халқы бар Қазақстанды қанша адам басқарып отыр?

«Өтініш, мені іздемей-ақ қойыңыздар. Мен бұл ақшаға қатты мұқтажбын, сол себепті Алланың үйінен алдым. Мен біреудің үйін тонаған жоқпын. Тек Алланың үйінен қатты қажет нәрсені алып отырмын. Бұл менің және Оның (Алланың) арасындағы іс», - делінген ұрының хатында.

Жергілікті тұрғындар ұрының бұл хатына түсіністікпен қарап, имамнан оны кешіре салуын сұрауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538046-meshittegi-sadaqa-zhashigine-urlyqqa-tu.html