Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда балабақшадағы былықты жайып салған тәрбиеші еңіреп жылап жіберді (фото, видео)

Опубликовано:

Жаңаөзен қаласындағы балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін келіншек балалардың қорқынышты жағдайда тұрып жатқанын айтып, еңіреп жылап қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы inaktau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау тұрғындары әлеуметтік желі арқылы балабақша қызметкерінің жанайқайы жазылған видеоны таратты. Онда Жаңаөзен қаласындағы "№13-ші Ақмарал балабақшасының" қызметкері балалардың төсек пен ыдыс-аяқтан таршылық көріп жатқанын айтады.

Бұл жайт көпшіліктің ашуын келтірген. Тәрбиешіге шағыммен келген ата-аналар оның егіліп жылаған сәтіне куә болды.

Тағы оқыңыздар: Орындалған арман: 30 мың адам жиналған кеште Димаш елді жылатты (фото, видео)

Әйел басшылықтың балабақша жағдайына көз жұма қарап отырғанын айтқан. 20 адамды сыйдыратын балабақшада 37 бала тұрып жатыр екен. Нәтижесінде ыдыс-аяқ, жатын төсек балалардың бәріне жетпей қалып жатқан көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Қызының өмірі көз алдында сөніп жатқан әке амалсыз онымен бірге қабірге жатты (фото, видео)

Тәрбиеші ата-аналардың шағымына ортақ екенін, өзі де басшылыққа жағдайды айтып, шырылдаудан мезі болғанын алға тартты. Бұл жайт прокуратура назарына түсіп, құқық қорғаушылар балалар бақшасына қолданылған шара туралы хабарлайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1538072-manhghystauda-balabaqshadaghy-qorqynysht/

pixel