RU

Ақтауда тұрмысқа шығуды қатты қалайтын бойжеткен жұртты өзіне қаратты (фото)

Ақтау көшесінде "Тұрмысқа шыққым келеді" деген жазба бар тақтайшаны кеудесіне іліп алған бойжеткен жұртты өзіне қаратты. Бұл туралы NUR.KZ порталы inaktau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс жағдай 24 маусым күні болған. Оқиға куәгері "тұрмысқа шығуды қатты қалайтын" аруды фотоға түсіріп алыпты. Бір қызығы, қалада осындай жазбамен тағы төрт қыз байқалған екен.

Тағы оқыңыздар: Орындалған арман: 30 мың адам жиналған кеште Димаш елді жылатты (фото, видео)

Белгілі болғандай, арулар бұл жазбаны танымал азаматтың тренингі барысында үстіне жапсырған. Олар тренингтен кейін сол күйі жазбамен қала аралауды ұйғарыпты.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстауда балабақшадағы қорқынышты жағдайды айтқан тәрбиеші еңіреп жылап қалды (фото, видео)

Қыздар ер адам мен әйел арасындағы қарым-қатынасты реттеуге бағытталған тренингке қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538115-aqtauda-turmysqa-shyghudy-qatty-qalayt.html