RU

ЭКСПО-дағы мейрамхана басшысы «адам шошырлық» бағаларды қайдан алғанын айтып берді

Астанадағы ЭКСПО кешенінің аумағында орналасқан Tay Qazan мейрамханасының басшысы Hommes.kz порталына берген сұхбатында «адам шошытарлық» бағаларды қайдан алғанын айтып берді деп жазады sn.kz.

«Біздің мейрамхана La Carte жүйесі бойынша қызмет көрсетеді және жоғары сапалы қазақ асханасына негізделген. Сондықтан, әуел бастан-ақ бағалардың жоғары болатыны белгілі болды. Tay Qazan мейрамханасы Palau деп аталатын демократиялық дәмханалар желісінің құрамына кіреді. Мұндай мейрамханалар Алматыда да бар. EXPO аумағында біздің екі дәмханамыз бар, бірі - Tay Qazan, екіншісі - Palau. Айта кету керек, La Carte жүейсіндегі өзге мейрамханалармен салыстырғанда Tay Qazan-дағы бағалар соншалықты қымбат емес», - дейді мейрамхана басшысы Рашид Байбулатов.

Тағы оқыңыздар: Ақтауда тұрмысқа шығуды қатты қалайтын бойжеткен жұртты өзіне қаратты (фото)

Оның айтуынша, La Carte жүйесі - әрбір тағамды әзірлеуге, клиенттерге қызмет көрсетуге ерекше мән беруді талап ететін халықаралық стандарт.

«Кейбір қазақстандық рестораторлар мейрамхана ашуды басқаша түсінеді: ғимаратты сәнді жиһаздармен толтыру, ет қайнатып, манты мен бесбармақ әзірлеу, болды. Ал біздің ерекшелігіміз: біз қонақтарымызға тек жаңа әзірленген тағамарды ғана ұсынамыз. Ешқандай полуфабрикат жоқ, кешегі немесе таңертеңгі тамақты жылытып бермейміз», - дейді ол.

Мейрамхана қожайыны тек сапалы азық-түлік пен ет сатып алатынын да айтты.

«Егер ет алсақ - тек отандық ангус немесе солтүстік облыстарда байланған жылқы еті. Күріш алсақ - келісі 1200 теңгелік лазер сұрыпты күрішін аламыз. Палаудың бағасы 1600 теңге болатыны да содан. Қызанақты базардан ешқашан алмаймыз, тек Ташкенттен алдырамыз. Барлық азық-түліктің сертификаты бар», - дейді астаналық ресторатор.

Айта кетейік, Астанада ЭКСПО көрмесі ашылған тұста келушілер ондағы мейрамхана бағаларын көріп, жағаларын ұстаған болатын. Кейбір қонақтар ас мәзірін суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде таратты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538180-ekspo-daghy-meyramkhana-basshysy-adam-sh.html