RU

Қазақ боксының жұлдызы Василий Жиров ислам дінін қабылдады (фото)

"Балқаш жолбарысы" атымен танылған олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Василий Жиров ислам дінін қабылдады. Бұл туралы журналист Ринат Кертаев өзінің желідегі парақшасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жақсы жаңалық! Бүгін ораза айттың соңғы күнінде Алла сәтін салып, қазақ елінің мақтанышы, "Балқаш жолбарысы" Василий Жировпен кездесудің сәті туды. Елден жырақта жүрсе де туған жерінің болашағына бей-жай қарамайтын батырымыз "Балқаш жолбарысының" популяциясын дамытуды қолға алып, қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді түрде араласпақ екен.

Мені риза еткен, мұсылман бауырлар қуанатын басты жаңалық Василидің жақында ислам дінін қабылдауы болды. Қасиетті рамазан айы мен ораза айтта тағы бір мұсылманның қатарға қосылуы құтты болсын, ағайын!", - деп жазған Ринат Кертаев қуанышын жасырмады.

Бұл жаңалық туралы Рустам Абдусаламов есімді желі қолданушысы да айтып өтті.

Тағы оқыңыздар: Орындалған арман: 30 мың адам жиналған кеште Димаш елді жылатты (фото, видео)

"Кеше айрықша күн болды. Ерекше айт мейрамы. Менімен бірге айт намазына Вася Жиров та тұрды. Ол Астанадағы орталық мешітте өміріндегі алғашқы намазын менімен бір қатарда тұрып орындады. Оны жылы қарсы алған барша жандарға алғысым шексіз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538183-qazaqstandyq-bokstynh-zhuldyzy-vasili.html