RU

Отандық мейрамханалар тамақты тауысып ішпегендерге айыппұл салмақшы

Еліміздегі мейрамханалардың бірі  таусылмаған тамақ үшін айыппұл салуды шығарды. Әр қалып қойған 100 грамм тамақ үшін 200 теңге төлейсіз. Бұл туралы NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыдағы мейрамханалардың бірі тамағын тауыспай кететіндермен осылайша күреспек. Мұнда түскі ас шамамен 1400 теңгеге түседі, алайда тамақты тауыспасаңыз, әр жүз грамы үшін тағы 200 теңгеден төлеуіңіз мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Қазақ боксының жұлдызы Василий Жиров ислам дінін қабылдады (фото)

Артылған тамақты өзіңізбен алып кетуге де болмайды.

"Бізде артылған тамақтың бәрі қоқысқа тасталады. Қонақтарымыз алдына қойылған асты тауысқанын қалаймыз", - дейді мейрамхана өкілі Юлия Мельник.

Тағы оқыңыздар: Қызылордалықтар премьер-министр жүріп өтетін жерлерді жанталасып тазалап жатыр (фото)

Қазақстандықтардың бірі бұл бастаманы оң санаса, енді бірі қарсылық білдірді.

Дегенмен заңгерлер бұндай қадам заңға қайшы екенін ескертуде. Егер сізден таусылмаған тамақ үшін ақша төлеуді сұраса, полиция шақыртуыңызға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538200-qazaqstan-meyramkhanalary-tausylmagha.html