RU

Танымал киносыншы Бауыржан Нөгербек өмірден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі киносыншы Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек 69-жасында өмірден озды деп хабарлайды The Qazaq Times.

Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек 1948 жылы 6 тамызда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік кинематография институтының кинотану факультетін бітірді.

Тағы оқыңыздар: Қазақ боксының жұлдызы Василий Жиров ислам дінін қабылдады (фото)

Саналы ғұмырының көп бөлігін Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында ұстаздық етуге арнаған талантты тұлға –аталған білім ордасында тұңғыш «Кино және ТВ» факультеті мен «Өнертану» кафедрасын құрған айтулы азаматтардың бірі. Оның қазақ кино өнерінің кешегісі мен бүгінгісі, болашағы туралы жазған құнды еңбектері әлемнің бірнеше тіліне аударылған.

Кинотану мамандығының дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер әр жылдары «Шәкен жұлдыздары», «Еуразия», «Алтын мінбер» халықаралық кинофестивальдерінің қазылар алқасының құрамында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538319-belgili-kinosynshy-omirden-ozdy.html