RU

Украинаның шығысында ресейлік сарбаз тұтқынға түсті

Ресейлік әскери қызметкер Виктор Агеев Луган облысындағы украин әскеріне тұтқынға түскен деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, 24 маусымда Желобок ауданында украин әскері мен өздерін өздері жариялаған Луганск халықтық республикасы (ЛХР) сепаратистері арасында болған қақтығыста Агеев тұтқынға түскен.

Агеевтің анасы BBC арнасына ұлының 2017 жылдың наурыз айында келісім-шартқа қол қойып, Ростов облысының Батайск қаласына әскери міндетін өтеуге кеткенін айтады.

Тағы оқыңыздар: "Ислам мемлекеті" "Жұмақ төлқұжаттарын" таратып жатыр (фото)

BBC дереккөзі Агеевті Украинаның қауіпсіздік қызметіне жіберілгенін хабарлаған. Ресей сарбазының құжаттары Украина ақпарат құралдарында жарияланды.

26 маусымда Украина президенті Петр Порошенко Франция президенті Эммануэл Макронмен кездесу кезінде украин аймағында ресейлік әскери қызметкерлердің ұсталғанын айтқан.

Ресей президенті Владимир Путин Донбаста ресейлік әскер жоқ деп бірнеше рет мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538372-ukrainanynh-shyghysynda-reseylik-sarba.html