RU

Алматылық студентті өлтірді деген күдікті сот алдында бар шындықты жайып салды

17 жастағы Дидар Болысбекті өлтірді деген күдікті Тойчибек Асамов сот алдында өз ақиқатын баяндады деп хабарлайды Алматы арнасы.

Осыған дейін ол денсаулығының сыр бергенін себеп қылып жауап бермей келген болатын. Тіпті өткен сот отырысында оның адвокаты да келмей қалған еді. Айыпталушы мерт болған бірінші курс студентіне қолының ұшын да тигізбегенін айтып отыр. Ақша бопсалау мен әлімжетікке де қатысы жоқтығын айтады.

Наурыз айында жиналған 5000 мың теңгені группаластары алып кетуді бұйырыпты. Оны да бас пайдасына жұмсамаған көрінеді. Ал 12-ші сәуір күні болған оқиғада оны группаластары жиналысқа шақырған. Оған да екінші курс студенттері Жаппар Ерлан, Алмұрат Досбол мен Несіпбай Бауыржан және Жақсылық Самғаттың намысына тиіп, мәжбүрлегендіктен барғанын айтып отыр.

Тағы оқыңыздар: Кемаль қайтыс болды: Қазақ әйелдерінің көз жасын көл қылған кім? (фото, видео)

Аты аталғандар қазір қылмыстық істе куәгер ретінде қатысып жүр. Өйткені, достары "ұрмасаң қорқақсың" деп сөзбен түйрейтін көрінеді. Бірінші курс студенті Алмұрат Досболдың соққысынан кейін көз жұмған дейді.

Күдікті Дидарды ұрмай тек көмекке келгенін, оған әрқашан інісіндей қарағандығын айтып отыр. Тіпті қыстың күні аяғындағы бәтеңкесін де Дидар Болысбекке шешіп беріпті. Ал істі бастапқыда тергеушілер қысым жасағандықтан мойындадым дейді күдікті.

Тойчибек Асамовтың адвокаты судьядан оқиға орнына көшпелі сот отырысын өткізуді ұсынды. Өйткені, сегіз жәбірленушінің орфографиялық қателіктерімен бірге көшірілген жауабына күмән келтірді.

Сондай-ақ, сот сараптаманың да шындығына көз жетпейтіндіктен мәйітке эксгумация жасауды да ұсынды. Дегенмен, судья өтініштерді қанағаттандырмай тастады. Себебі, Дидар Болысбектің әкесі баласын қаздыруға түбегейлі келіспеді. Оған прокурорда қажеттілік жоқ екенін айтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538557-didar-bolysbekti-oltirdi-degen-kudik.html