RU

Екі жүзге жуық баласын асырай алмаған қария елден қайыр сұрап жүр (фото)

Африкадағы Уганда мемлекетінің 65 жастағы тұрғыны 176 баласын асырау үшін мемлекеттен көмек сұрады. Бұл туралы NUR.KZ порталы naij.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мустафа Магамбо Мутоненің 176 баласы және 90 немересі бар. Ол 13 әйелінен және 10 көңілдесінен балалы болғанын алға тартты. 

"Мен 170-тен астам балам мен 13 әйелімді асырауға тырыстым. Бұл оңай емес екен. Мен мемлекеттен тым құрымағанда 30 баламның білім алуына көмектесуін сұраймын", - дейді Мустафа.

Тағы оқыңыздар: Алматылық студентті өлтірді деген күдікті сот алдында бар шындықты жайып салды

Кәсіпкер азамат шығынды азайту үшін 40 баласын оқытатын жеке мектеп ашпақ. Жыл соңына дейін Мустафаның балалары 180 болады. Себебі, алты әйелі бүгінде жүкті.

Қарияның ең жас әйелі 25-те, ал ең үлкені 50-де. Ең үлкен баласы 49-да болса, ең кішісі төртте.

"Күн сайын он үш әйелім он үш жақтан қоңырау шалғанда есім шығып кетеді", - дейді азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538558-176-balasy-bar-65-zhastaghy-qariya-kopshilikke.html