Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жастағы жігіт әпкесін зорлап келген туған әкесін буындырып өлтірді

Опубликовано:

Үндістандағы Джамнагар қаласында жас жігіт әкесінің тұрмысқа шыққан әпкесін екі рет зорлағанын естіп, оны тұншықтырып өлтірді деп жазады Life.ru.

Гуджаратта тұратын зардап шегуші қыз болған оқиғаны жасыра алмай, айтып қойғаннан кейін қайғылы жағдай орын алды. Қыз өзінің 19 жастағы ағасын қонаққа шақырып, бауырына қатыгез әкесінің әрекетін жайып салады.

Тағы оқыңыздар: Екі жүзге жуық баласын асырай алмаған қария елден қайыр сұрап жүр (фото)

Мұны естіген жас жігіт ашуға булығып, әкесімен кездесуге барған. Алдымен ол әкесімен дауыс көтеріп сөйлеседі, кейіннен оны жерге алып ұрып, буындырып өлтіреді.

Ресми деректер бойынша, Үндістанда күніне 90 қыз зорланады. Сарапшылар болса ол елде бұдан көп зорлықтың болатынын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1538645-19-zhastaghy-zhigit-apkesin-zorlap-kelgen-t/

pixel