RU

Әлемнің ең жас миллиардерлерін білесіз бе?

Наурыз айында Forbes журналының дәстүрлі рейтингісінде әлемнің ең бай миллиардерлерінің тізімі жарияланды. Тізімге кірген 66 адамның жасы қырыққа жетпеген. Ең жас миллиардер - 19 жаста деп жазады billionnews.ru.

Александра Андерсен, 19 жаста, байлығы – 1,2 млрд доллар. Инвестиция нарығында істейді. Жас миллиардер қыз ғаламшардағы ең бай адамдар тізімінде 1476-шы орында. Ол әкесінен қалған Ferd компаниясының мұрагері.

Катерина Андерсен, 20 жаста, байлығы әпкесімен теңдей - 1,2 млрд доллар. Ол бай әпкесімен Forbes тізімінде 1476-шы орында. Қыздардың әкелері Ferd компаниясының акция пакеттерінің иегері болған.

Густав Магнар Витзё. 22 жаста. Балық өндірісімен айналысқан әкесі компаниясының 1 млрд доллар акциясын қалдырып кеткен. Ол ұлына Salmar ASA акциясының 47% сыйлаған. Бірақ, компания басшылығын әлі күнге дейін өзі жүргізіп келеді.

Эван Шпигель, 25 жаста. Танымал мобильді қосымша Snapchat арқылы 2,5 млрд доллар жинаған. Ол ең бай адамдар тізімінде 854-ші орында.

Бірнеше минуттан кейін хабарламасы жоғалып кететін мобильді қызмет 2011 жылы басталған. Статистика бойынша онда 100 миллионға жуық адам тіркелген.

Тағы оқыңыздар: Қанат Ислам сал ауруына шалдыққан баланың арманын орындады (видео)

Людвиг Теодор Браун. 26 жасында 1,2 миллиард АҚШ долларын жинап, Forbes журналында 1476-шы орында. Жас бизнесмен немістің B. Braun Melsungen AG атты медицина техникасын өндіретін компания директорының ұлы. Бүгінде штатта 50 мың қызметкері бар компанияның табысы 5,5 миллиард долларды құрайды. Теодор әкесінің 9,7% акциясының иегері.

Роберт Мерфи. Snapchat қосымшасын жасаушылардың бірі. Ол тізімде 1011-ші орында, байлығы 1,8 млрд долларды құрайды. Стэнфорд университетінің студенті болып тұрғанда Бобби досы Эван Шпигелмен бірге қосымшаны жасаған.

Тағы оқыңыздар: NUR.KZ порталы кімдерге қол ұшын созды?

Ван Хань. 28 жастағы миллиардердің байлығы 1,3 млрд долларды құрайды. Ол әкесінен қалған Juneyao Air компаниясының иегері. Акцияның 27% иегері жас Хан бизнесті одан ары дамытып, халықаралық биржаға шығара алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538666-alemninh-enh-zhas-milliarderlerin-biles.html